БастыҚоғам

Бүгін Ыстанбұлдың алынғанына 571 жыл толды

Бүгін Азия мен Еуропа құрлықтарын байланыстырып отырған Ыстанбұлдың түрік шаһарына айналған күн.

Бүгін Османлы түріктерінің Ыстанбұлды алғанына 571 жыл толды.

1453 жылы 29 мамырда алғашқыда «Константинополь» деп аталған қаланы Османлы патшасы Фатих Сұлтан Мехмет бастаған әскер жеңіп алып, Шығыс Рим империясын құлатты.

Османлы мемлекетінің астанасы болған қалаға мұсылман халық Константинополь деп атаса, гректер «E Stin Polis» (астанаға/қалада) деп атаған. Кейіннен Османлы халқы да бұл атауды қолданып, қала әлемге әйгілі Ыстанбұл есімін алды.

Ал, Ыстанбұлдың мұсылмандардың қолына өтетіндігі туралы пайғамбарымыздың хадисі де бар.

« Оны алатын қолбасшы неткен керемет қолбасшы еді! Оны алатын әскер неткен керемет әскер еді!». Мұхаммед пайғамбар (ғалейһиссәләм).

Әлем тарихында Ыстанбұлдың Османлы мемлкетінің қолына өтуімен жаңа дәуір басталды. Византия құлаған соң әлем тарихында үлкен өзгерістер болды. Еуропада жаңғыру басталды. Жаңа құрылықтар ашылды. Ғылым дамыды. Ыстанбұл болса сол кезден бері әлемдік саясатқа ықпал ететін үлкен ордаға айналған. Қала стратегиялық тұрғыда орналасқан жері әлі де маңызды. ХХ ғасырдың басында ағылшындар мен француздар, орыстар бұл қаланы басып алуды көздеген. Ірі-ірі әскери операциялар да ұйымдастырылған. Бірақ, 1915 жылы Чанаккаледе ойсырай жеңілген басқыншылардың үміті ақталмаған еді. Дегенмен, Ыстанбұлды қайтарып алу еуропалықтардың арманы болып қала берді. Ал, Ыстанбұл тек түрік халықтарының ғана емес, ислам әлемінің мақтанышына баяғыда-ақ айналып үлгерді.

TuraNews

Back to top button