БастыҚоғам

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні

Бүгін (17 мамыр) Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 71 жасқа толды.

Бірақ, атаулы күнге байланысты қандай да бір іс-шара жоспарланбаған. 71 жасқа толған Президент үшін бұл әдеттегідей жұмыс күні.

«Қасым-Жомарт Тоқаев үшін бұл әдеттегі жұмыс күні. Президент жұмыс орнында болады. Бұл датаға байланысты қандай да бір іс-шара өткізу жоспарланбаған. Әкімшілік қызметкерлерінен тағы да құттықтаудан бас тарту сұралды», — деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен.

Еске салайық, өткен жылы Қазақстан басшысы дәл осы күні Қытайға сапармен барған болатын.

TuraNews

Back to top button