БастыҚоғам

Бүгін елімізде бірнеше қалада қолайсыз ауа райы болады

Алматы, Ақтөбе, Шымкент пен Атырау қалаларында ауа ластанады

Синоптиктер 30 мамырда еліміздің қалаларындағы метеожағдайға болжам жасады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. 

Болжамға сәйкес, Алматы, Ақтөбе, Шымкент және  Атырау қалаларында ауа ластанады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауа нашарлауы ықтимал.

Қолайсыз метеожағдай кезінде ұсынылатын кеңестер:

Ашық ауада, әсіресе автотрассада немесе басқа да ауа ластанған жерде болмау;

Балалар мен аяғы ауыр әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тарту;

Жүрек-қантамыр, өкпенің созылмалы аурулары, аллергиялық аурулары бар адамдарға ашық ауада болған жағдайда дәрілерін бірге алып жүру;

Ашық аспан астында денеге күш салуды азайту. Спорт пен дене шынықтырумен жабық спорт кешендерінде айналысу.

TuraNews

Back to top button