БастыҚоғам

Бүгін Астана мен тағы 3 қалада ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 8 желтоқсанда Қазақстанның 4 қаласында қолайсыз метеорологиялық ахуал қалыптасады, деп хабарлайды TuraNews.kz.

Атап айтқанда, ауа сапасы Алматы, Астана, Ақтөбе және Петропавл қалаларында нашарлайды деп күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

 

TuraNews

Back to top button