БастыҚоғам
Trending

Президент бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Мемлекет басшысының Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін марапатталды:

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы

Құрманбайұлы Шерубай – «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» ҚБ вице-президенті, Астана қаласы;

«Ел бірлігі» ордені

Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлы – «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» ҚБ орталық кеңесінің мүшесі, Астана қаласы;

«Құрмет» ордені

Габерман Эльдана Александровна – Қорғаныс министрлігі Орталық ансамблінің солисі

Данченко Анна Александровна – «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ оқытушысы, Алматы қаласы

Манкеева Жамал Айтқалиқызы – «А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты» РМК бас ғылыми қызметкері, Алматы қаласы

Рысберген Қыздархан Құрмашқызы – «А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты» РМК бас ғылыми қызметкері, Алматы қаласы;

«Ерен еңбегі үшін» медалі

Кузнецов Максим Александрович – «Кустовое негізгі мектебі» КММ мұғалімі Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы

Әбілқасымов Бекзада Пәкизадаұлы – «Bilim Group» компаниялар тобының бас заңгері, Астана қаласы

Әубәкіров Ержан Бейсембекұлы – «Білім Орда» халықаралық қоғамдық қорының президенті, Астана қаласы

Құрманжан Анар – «BMG UpSkill» компаниясының жоба жетекшісі, Астана қаласы;

«Шапағат» медалі

Кравчук Евгений Анатольевич – «Юрий Гагарин атындағы орта мектеп» КММ мұғалімі, Жамбыл облысының Байзақ ауданы

Лагуткина Юлия Николаевна – қазақ тілі оқытушысы, Көкшетау қаласы

Пимичева Анель Витальевна – «Qostanai TV» телеарнасының редакторы, Қостанай облысы

Фролов Александр Игоревич – музыкант, әнші, Қостанай облысы;

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Х құрылтайында сөз сөйледі.

TuraNews

Back to top button