Басты

Бүкіл әлемнің назары Қазақстанға ауды

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезіне 50 елден 100-ден аса делегация қатысады

Қазақстан астанасында осы аптада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің жетінші съезіне 50 елден 100-ден аса делегация қатысады. Бұл жиын тақырыптарының өзектілігін көрсетеді және әлем қауымдастығының зор қызығушылығын айғақтайды.

Талқыланатын басты мәселелер «Қазіргі әлемдегі рухани және моральдық құндылықтарды нығайтудағы діндердің рөлі»,  «Діни лидерлер мен саясаткерлердің жаһандық дінаралық диалог пен бейбітшілікті ілгерілетуге, экстремизмге, радикализмге және терроризмге, әсіресе діни негізде қарсы тұруға қосқан үлесі» болмақ. Қытайдың даосизм қауымдастығының жетекшісі Ли Гуанфудың айтуынша, Қытайдағы дәстүрлі діндердің өкілдері бұған дейін ұйымдастырылған съездерге белсенді түрде қатысып келді. Бұл жолы да қатысатындарын қуаттады.

Ли Гуанфу, ҚХР даосизм қауымдастығының жетекшісі:

– Бұл Съездің  түрлі діндер арасындағы диалогтың орнауына соның ішінде халықаралық қауіпсіздік пен әлеуметтік үндестік мәселелері бойынша пікір алмасуға қосқан үлесі орасан.  Жуырда Нұр-Сұлтан қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының жетінші съезінің ашылуы өтеді. Жер жүзі пандемияны бастан өткеріп заманда, мұндай шараны ұйымдастыру ел үкіметі тарапынан қажырлы еңбек пен көп күш-жігерді талап етеді. Өз басым өзге дін өкілдерімен бірге ой бөлісетін кезді асыға күтіп жүрмін. Біз бірлесе отырып, адамзаттың бейбіт және тұрақты дамуына ықпал ете алатынымызға сенемін.

Source
Qazaq TV

TuraNews

Back to top button