
Жиында Мәжіліс пен Сенат депутаттары Үкіметтің және Жоғары аудиторлық палатаның 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін қарайды.
Айта кетейік, жақында есептерді Сенатта талқылау барысында былтырдың қорытындысы бойынша ұлттық экономиканың өсімі 6,5 пайызды құрағаны аталып өтті. Бұл оң динамика инвестиция көлемінің артуының, іскерлік белсенділіктің жандануының және өңдеу өнеркәсібі секторының нығаюының нәтижесінде қамтамасыз етілгені де назарға алынды.
Сонымен қатар сақталып отырған бюджеттік ынталандыру инфляциялық қысымды күшейтіп, халықтың нақты табысының төмендеуіне әсер етті. Осыған байланысты сенаторлар бюджетті жоспарлаудың сапасын арттыру қажет екенін айтып, бірқатар жүйелі мәселеге назар аударды.



