ӘлемТехнологияЭкономика

Binance-тың бас директоры қызметінен кетті

Binance криптовалюта биржасының бас директоры Чанпэн Чжао қызметінен кетті. Оның орнына аймақтық базарлардың бұрынғы басшысы Ричард Тенг келді, деп ТАСС агенттігіне сілтеме жасап TuraNews.kz хабарлайды.

«Бүгін Binance-тың бас директоры қызметінен кеттім… Мен біраз қателіктер жібердім және жауапкершілікті өз мойныма алуым керек. Бұл қауымдастық үшін және өзім үшін ең дұрыс қадам», – деді Чжао X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Ол компанияға «қажет болған жағдайда» кеңес беруге дайын екенін атап өтті.

TuraNews

Back to top button