Спорт

Баскетболдан Азия кубогы: Қазақстан құрамасының ойындар кестесі анықталды

Баскетболдан Қазақстан құрамасы Азия Кубогына іріктеу аясында Үндістан және Қатармен кездесу өткізеді.

Алғашқы ойын 23 ақпан күні Астана қаласындағы «Сарыарқа» республикалық велотрегінде өтеді, деп хабарлайды TuraNews.kz BasSport.kz-ке сілтеме жасап.

15 ақпанда Астана қаласында жаттығу жиыны басталады. Екі кездесуге дайындық барысына 15 ойыншы шақырылды. Үндістанмен ойыннан кейін құрамамыз 26 ақпан күні сырт алаңда Қатарға қонаққа барады.

Баскетболшылар тізімі:

1 — Балашов Олег — «Иркут» БК,

5 — Қуанов Шаим – БК «Тобыл»

8 — Иванов Владимир – «Барсы Атырау» БК

9 — Щербак Вадим – «Астана»

10 — Мырзағалиев Рустам –«Астана»

11 — Быков Антон – «Тобыл»

21 — Марчук Роман – «Астана»

23 — Пан Роберт – «Ирбис»

24 — Гаврилов Дмитрий – «Астана»

25 — Марчук Максим – «Астана»

26 — Севергин Даниил – «Алматинский Легион»

33 — Сахипов Станислав – «Алматинский Легион»

47 — Айтқали Руслан – «Астана»

55 — Майдекин Асқар – «Астана»

76 — Оразбеков Александр – «Астана Академия».

Естеріңізге сала кетейік, жеребе қорытындысы бойынша «Дала қасқырлары» іріктеу кезеңінде «Е» тобында Иран, Үндістан және Қатар құрамаларына қарсы ойнайды.

Ойындар кестесі:

23 ақпан 2024: Қазақстан – Үндістан

26 ақпан 2024: Катар – Қазақстан

22 қараша 2024: Иран – Қазақстан

25 қараша 2024: Үндістан – Қазақстан

21 ақпан 2025: Қазақстан – Катар

24 ақпан 2025: Қазақстан – Иран

Азия Кубогы 2025 жылдың 5-17 тамызы аралығында Сауд Арабиясында өтеді.

TuraNews

Back to top button