БастыСаясатЭкономика

Ауғанстан, Қазақстан және Түрікменстан Герат провинциясында логистикалық хаб құруды жоспарлап отыр

Ауғанстан Қазақстан және Түрікменстан аймақтық сауданы дамыту мақсатында Ауғанстанның Герат провинциясында ірі логистикалық хаб салу туралы келісімге келді.

Бұл туралы «Талибан» уақытша үкіметінің өнеркәсіп және сауда министрінің міндетін атқарушы Нуруддин Азизи Reuters агенттігіне берген сұхбатында айтты.

Екі айдан кейін тараптар тиісті келісімнің жобасын дайындайды.

-Герат провинциясында Ауғанстан, Қазақстан және Түрікменстан инвестицияларына Солтүстік-Оңтүстік Азия дәлізі сауда бағыттарының қиылысында логистикалық хаб салынады, – деді Азизи.

Ол сондай-ақ Ауғанстанның батысындағы орталық арқылы Ресей Пәкістанға және басқа да Оңтүстік Азия елдеріне мұнай жеткізе алатынын атап өтті.

Оның айтуынша, Герат көлік торабы арқылы көмірсутегі шикізатының бастапқы жылдық айналымы 1 миллион тоннаға жетуі мүмкін.

Азизи Ауғанстанның Қытаймен де екі ел арасында биік таулы Вахан дәлізі арқылы сауда тасымалы жолын құру туралы келіссөздер жүргізгенін айтып, бұл жолдың Қытай тауарларын Ауғанстан жері арқылы Иранға тасымалдау үшін пайдаланылуы мүмкін екенін меңзеді.

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button