Қоғам

Астанада адам саудасымен айналысқан Өзбекстан азаматы ұсталды

Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Астана полицейлері 10 жылдан астам уақыт бойы халықаралық іздеуде болған Өзбекстан азаматын ұстады, деп жазады TuraNews.kz сайты.

«Бөгет» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Астана қаласы полиция департаментінің қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады, деп хабарлады 17 сәуірде елорда полиция департаменті.

«Өзбекстан Республикасының 42 жастағы азаматы 10 жыл бойы адам саудасы үшін іздеуде болған. Қылмыскерді іздестіру бастамашысы Ташкент облысы ІІБ. Экстрадициялау мәселесі шешілуде», делінген хабарламада.

 

TuraNews

Back to top button