ӘлемБастыСаясат

Армения мен Әзербайжан шекарасында алғашқы шекара бағаны орнатылды

Бұл туралы Армения үкіметі хабарлады.

«2024 жылдың 23 сәуірінде геодезиялық өлшемдерді үйлестіру жұмыстары аясында Армения Республикасы мен Әзербайжан Республикасының шекарасында бірінші шекаралық баған орнатылды», – делінген Армения министрлер кабинетінің Telegram-каналында.

Нақты қай жерде орнатылғаны көрсетілмеген.

Бұған дейін республиканың Ішкі істер министрлігі 23 сәуірде Тавуш облысының Баганис-Воскепар учаскесінде Әзербайжанмен шекарасын делимитациялау жұмыстарын бастайтынын хабарлаған.

 

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button