Мемлекет басшысының өкімімен Арман Қайратұлы Исағалиев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды TuraNews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Арман Исағалиев Алматы қаласында дүниеге келген. Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университеті (1994), Сиди Мұхаммад бен Абдалла университеті мен Мысыр Араб Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатия институтын (1996) тәмамдаған.
Ең алғаш еңбек жолын 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университетінің оқытушысы болып бастаған.
2020 жылдан осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарды.
Оның Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі бар.



