ӘлемТехнология
Trending

Apple жаңа iPhone-ын 9 қыркүйекте таныстырады

Apple-дің жаңа өнімдері 9 қыркүйекте таныстырылады. Компания іс-шара барысында iPhone-ның жаңа сериясын және болжам бойынша алғашқы бүктелетін смартфонын таныстыруы мүмкін. Бұл туралы Reuters хабарлады.

Бұл шара Apple компаниясының жаңа бас директоры Джон Тернус басшылығымен өтетін алғашқы ірі тұсаукесер болмақ. Ол 1 қыркүйекте компания басшылығына кіріседі. Ал Тим Кук атқарушы төраға қызметіне ауысады.

Тернус көп жыл бойы Apple компаниясының аппараттық өнімдерін әзірлеуге жетекшілік еткен. Сарапшылардың пікірінше, оның бас директор болып тағайындалуы компанияның негізгі бағытына – құрылғылар жасауға қайтадан басымдық беретінін көрсетеді.

Сарапшылардың болжамынша, Apple-дің алғашқы бүктелмелі смартфоны iPhone Ultra iPad mini экранына шамалас дисплеймен жабдықталуы мүмкін.

Сарапшылардың басым бөлігі бүктелмелі iPhone бағасы 2 000–2 500 доллардан басталады деп күтіп отыр. Бұл шамамен 917 мың теңгеден 1,15 млн теңгеге дейін.

Source
kursiv media

TuraNews

Back to top button