Қазақстанның Анталиядағы Консулдығы Түркияда тұратын отандастарды Ұлттық домбыра күнімен салтанатты түрде құттықтады. Консулдық өз мәлімдемесінде домбыраның жай ғана музыкалық аспап емес, халқымыздың тарихы, рухы, ұлттық болмысы мен баға жетпес асыл мұрасы екенін атап өтті.
«Қай жерде жүрсек те, қай елде өмір сүрсек те, домбыраның қоңыр үні әрбір қазақтың жүрегінен ерекше орын алады», — делінген ресми құттықтау мәтінінде.
Түркияның шипажайлы өңірінде өткен іс-шара шетелдегі қазақ қауымдастығының басын біріктіріп, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға бағытталды.
Bu gönderiyi Instagram’da gör



