Қоғам

«AMANAT» партиясы: Жетісу сәулеті мен дәулеті келіскен өңірге айналады

Бүгін «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалы атынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттары Еркебұлан Ақболатов, Дәурен Оңалбаев және Қуат Баймырзаев облыс бойынша құрылыс саласында әлеуетті «Шымыр» ЖШС ұжымымен кездесті. Кездесуде кандидаттар партияның «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасындағы басым бастамалардың жайын жіпке тізгендей баяндады.

Еркебұлан Ақболатовтың айтуынша, сайлауалды бағдарламаға сай Жетісу өңірінде 2027 жылға дейін жалпы аумағы 1,5 млн. шаршы метр болатын 419 көпқабатты тұрғын үй бой көтермек. Мұнан бөлек, 100 медициналық нысанның, 39 мектептің іргесі қаланып, тұрғындардың игілігіне пайдалануға берілмек. Бұл құрылыс саласындағы басты басымдықтардың бір парасы ғана. Кандидаттың сөзінше, «AMANAT» партиясы өңірде жыл сайын 58 мектепті жаңғыртудан өткізуге мұрындық болады. Мектеп жасына дейінгі балалар 100 пайыз балабақшамен қамтылмақ. 3000 мыңға жуық әлеуметтік осал отбасы баспанаға қол жеткізбек.

— «AMANAT» партиясының мақсат-мүддесі халықтың жайымен, мемлекет мүддесімен астасып жатыр. Біз өңірдің әлеуетін көтеруге бар күш-жігерін жұмсаймыз. Партия бастамасымен өңірдегі 200-ден астам елді мекен көгілдір отынға қол жеткізбек. 1000 шақырымға жуық инфрақұрлым қайта жаңғыртудан өтеді. 100-ге жуық медицина нысаны салынады, — деді Еркебұлан Ақболатов.

Мұнан кейін тізгін тартқан Қуат Баймырзаев партияның өзге де бастамаларына тоқталды. Оның айтуынша, «AMANAT» шағын және орта кәсіпкерлікті жандандыру арқылы халықтың тұрмысын жақсартуға, өңірдің әлеуетін көтеруге күш жұмылдырмақ екен.

— Партия ел экономикасындағы атаулы кәсіпкерліктің үлесін арттыруды көздеп отыр. Алдымызда өңірдегі осы кәсіпкерлікпен шұғылданатындар санын 71 мыңға жеткізу мақсаты тұр. Нәтижесінде 2027 жылға қарай облыс экономикасындағы шағын және орта бизнестің үлесі 39 пайыздан 42 пайызға жетеді. Әрі осы саладан 129,6 мың жетісулық нәпақа табатын болады,

Кандидаттар жиын соңында өңірдің сәулеті мен дәулетін айшықтап жүрген сала мамандарын «AMANAT» партиясын қолдауға шақырды.

Жетісу облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

TuraNews

Back to top button