Мәдениет

Алматыда педагогикалық идеялар фестивалі өтті

Алматыда білім саласының өкілдері педагогикалық идеялар фестивалінде бас қосты, деп хабарлайды 24.kz.

«Мектеп, университет, нарық: білім берудің жаңа архитектурасы» атты жиында мамандар ұстаз даярлаудың жаңа тәсілдерін талқылады.

Шетелдік жоғарғы оқу орындарымен тәжірибе алмасу үшін арнайы меморандумға қол қойылды. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне білікті сарапшылар жиналды. Олардың пікірінше, білім ордалары үнемі нарық сұранысына сай бейімделіп отыруы тиіс. Ол үшін мектеп, университет және жұмыс берушілер арасында тұрақты байланыс орнату керек дейді. Ұстаз болу-жүректің ісі. Қазір университетте болашақ педагогтарды мектеп қабырғасынан бастап іздейтін арнайы бағдарлама жасалып жатыр екен. Яғни оқушы мамандық таңдамас бұрын сол салада өзін сынап көре алатын бірлескен зертханалар ашылмақ.

 

TuraNews

Back to top button