Денсаулық

Алматыда екі мыңнан астам адам қызылшамен ауырды

Алматыда жыл басынан бері қызылша ауруымен 2387 адам ауырды. Оның 1453 бала.

Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлының айтуынша, балалар арасындағы аурушаңдық негізінен вакцинациядан бас тарту себебінен, сондай-ақ, вакцинациядан медициналық босату және егу жасына жетпеу салдарынан тіркеледі.

«Осы жылдың басынан бері қызылшаның 2387 расталған жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 1453 жағдай (60,3%), 15 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында – 107 (4,5%) және ересектер арасында – 832 (34,8%). Балалар арасындағы аурушаңдығы негізінен вакцинациядан бас тарту себебінен болып отыр», – деді ол.

Алматының бас санитар дәрігерінің дерегінше, 2023 жылдың 10 қарашасы мен осы жылдың 17 наурыз аралығында қалада қызылша, қызамық, паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау шеңберінде барлығы 159 310 адам қамтылды, оның ішінде 6 айдан бастап 10 ай 29 күнге дейінгі 12 636 бала, 2 жастан 4 жасқа дейінгі балалар – 78 818, медицина қызметкерлері – 8676 және басқа жастағы бұрын қызылшаға қарсы жоспарлы екпе алмаған (вакцинация курсы толық емес) толықтыра иммундау бойынша 59 180 бала бар.

Сонымен қатар, Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес қызылшаға қарсы жоспарлы иммундау жалғасуда: 1 жаста (12-15 ай) вакцинация және 6 жаста ревакцинация.

Бұдан басқа, бұрын қызылшаға қарсы егілмеген 18 жасқа дейінгі балалар аумақтық емханада иммундау бойынша екпе ала алады.

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button