Әлем
Trending

2027 жыл тарихтағы ең ыстық жыл болуы мүмкін

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның жаңа есебіне сәйкес, алдағы бес жылда жаһандық температураның рекордтық деңгейде көтерілуі жалғаса бермек.

Мамандар 2026–2030 жылдар аралығындағы орташа температура индустрияландыруға дейінгі кезеңнен 1,3–1,9 °C-қа дейін жоғары болатынын болжап отыр. Әсіресе, Тынық мұхитының экватор маңындағы су қабатының нормадан артық жылынуынан пайда болатын Эль-Ниньо құбылысының жандануына байланысты 2027 жылдың тарихтағы ең ыстық жыл ретінде тіркелу ықтималдығы өте жоғары. Аталған табиғи фактор бүкіл әлем бойынша қатты құрғақшылықты, күтпеген аптап ыстықты немесе нөсер жауын-шашынды тудыруға қабілетті.

Мұндай климаттық өзгерістер жаһандық жылынудың уақытша болса да Париж келісімінде көрсетілген 1,5 °C шегінен асып түсуіне әкеп соғуы мүмкін. Сонымен қатар, Арктика аймағындағы аномалиялар мен мұхиттардағы жылы ағыстардың әсері жағдайды одан ары күрделендіріп отыр.

Сарапшылар осы үрдістердің климаттық жүйеге тигізер әсері зор екенін ескерте келе, алдағы жылдарда рекордтық ыстық толқындардың жиілейтінін айтады.

TuraNews

Back to top button