Түркия Ұлттар лигасының 2026 жылғы чемпионы атанды
Волейболдан әйелдер арасындағы 2026 жылғы Ұлттар лигасы (VNL 2026) финалы тартысты әрі тартымды өтті.

Алғашқы сетте Бразилия құрамасы басымдық танытып, 25:23 есебімен алға шыққанымен, кейінгі партияларда түрік волейболшылары ойын тізгінін өз қолдарына алды.
Кеше өткен VNL 2026 турнирінің финалдық матчында Түркия әйелдер құрамасы Бразилияны 3:1 (23:25, 25:23, 26:24, 25:21) есебімен жеңіп, чемпиондық титулды жеңіп алды. Кездесуде 33 ұпай жинаған Мелисса Варгас кезекті мәрте турнирдің ең бағалы ойыншысы (MVP) атанды.
Даниэле Сантарелли баптаған Түркия құрамасы өз тарихында екінші рет (2023 жылдан кейін) VNL кубогын төбесіне көтерді.
Турнирдің қорытынды нәтижесі:
1-орын: Түркия
2-орын: Бразилия
3-орын: Италия (қола матчта Қытайды 3:1 есебімен жеңді)

Айта кетейік, Түркия құрамасы алдағы 2026 жылғы Еуропа чемпионатының (EuroVolley 2026) басты фавориттерінің бірі ретінде қарастырылып отыр. Волейболдан әйелдер арасындағы Еуропа біріншілігі 2026 жылдың 21 тамызы мен 6 қыркүйегі аралығында өтеді.
Дүбірлі турнирді төрт мемлекет — Түркия, Әзербайжан, Чехия және Швеция бірлесе қабылдайды. Өз алаңында өнер көрсететін түрік волейболшылары бұл біріншілікте де алтын медальдан басты үміткер саналуда.



