Экономика
Қазақстан мен Қытай инвестицияларды өзара қорғау туралы келісті

Сенат екі ел үкіметтері арасындағы Келісімді ратификациялады. Депутат Сергей Ершов бұл құжат 1992 жылғы шартты жаңартып, халықаралық-құқықтық базаны заманауи стандарттарға сәйкестендіретінін атап өтті.
Оның айтуынша, инвесторлардың да, мемлекеттің де меншікке қол сұғылмаушылық кепілдіктерін құқықтық тұрғыдан бекіту ерекше назар аударуға тұрарлық.
– Келісім активтерді тек қоғамдық мүдделер үшін және бара-бар өтемақы төленген жағдайда ғана заңды түрде иеліктен шығару шарттарын қатаң реттейді. Сондай-ақ, ұлттық банктер активтерінің қорғалған мәртебесі заңды түрде бекітіліп, халықаралық төрелік (арбитраж) институттарында дауларды шешудің нақты тәртібі айқындалады, — деп толықтырды Сергей Ершов.



