ӘлемЭкономика

Түркменстан мен Малайзия Petronas компаниясымен мұнай-газ саласындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуда

Түркменстан Сыртқы істер министрі Рашид Мередов пен Малайзия Елшісі Мохд Сухайми Бин Ахмад Таджуддин арасындағы кездесуде екі елдің көмірсутек секторындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастығы талқыланды.

Trend.az сайтының хабарлауынша, Басты назар Малайзияның мемлекеттік Petronas корпорациясымен арадағы серіктестікке аударылды. Тараптар аталған ынтымақтастықтың тек шикізат өндірумен шектелмей, жоғары білікті кадрлар даярлау ісінде де жемісті екенін атап өтті.

Білім беру саласындағы ықпалдастық аясында түркмен студенттерінің Малайзия ЖОО-ларында, соның ішінде Petronas Технологиялық университетінде (UTP) білім алуына ерекше мән берілді. Сонымен қатар, Түркменстанның білім министрі Жұмамырат Гүрбангелдиев пен Малайзия елшісі мұнай-газ саласы үшін мамандар даярлау бағдарламаларын кеңейту мәселесін қарастырды.

Кездесу қорытындысы бойынша алдағы жоғары деңгейдегі кездесулерге дайындық барысы пысықталды.

TuraNews

Back to top button