ӘлемБастыЭкономика

Әзербайжан мен Иран мемлекеттік шекара арқылы жүк тасымалын қайта бастады

Әзербайжан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы мемлекеттік шекара арқылы жүк тасымалы 9 наурыздан бастап екі бағытта да қалпына келтірілді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.\

– Сағат 10:00-ден бастап мемлекеттік шекара арқылы жүк тасымалдауға арналған барлық көлік түрінің кіруі және шығуы, соның ішінде транзиттік тасымал қалпына келтірілді, — делінген Әзербайжан Министрлер Кабинетінің мәлімдемесінде.

Айта кетейік, 5 наурызда Әзербайжан Министрлер Кабинетін Иранмен мемлекеттік шекара арқылы жүк тасымалын уақытша тоқтатты.

Бұл шешім Нахчыванға дронмен жасалған шабуылдан туындаған жағдайға байланысты қабылданды, ол Ираннан шыққан болуы мүмкін.

Тегеран бұл шабуылдарға қатысы барын жоққа шығарды.

Иран президенті Масуд Пезешкиан Әзербайжан президентімен телефон арқылы сөйлесуінде Иранның Әзербайжан анклавын атқылауға қатысы жоқ екенін мәлімдеді және оқиғаны тергеудің маңыздылығын атап өтті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ирандық дронмен жасалған шабуылға қатысты өз ұстанымын жариялады.

Кейінірек Ильхам Әлиев Мемлекет басшысына Әзербайжан әуежайына жасалған шабуылдарды айыптағаны үшін алғыс айтты.

TuraNews

Back to top button