Халықаралық футбол федерациясы жаңа FIFA Series 2026 халықаралық турниріндегі Қазақстан құрамасының топтағы қарсыластарын бекітті, деп жазады BasSport.kz.
Қазақстан құрамасы топтық кезеңде Намибия, Комор аралдары және Кувейтпен ойнайды. Матчтар 2026 жылдың 23-31 наурыз күндері Астанада өтеді.
Командамыз 25 наурызда Комор аралдарымен кездеседі. Тағы бір ойында Кувейт пен Намибия өзара мықтыны анықтайды. Одан соң жеңген және ұтылған құрамалар өзара кездеседі.
Қазақстан FIFA Series 2026 турнирін қабылдайтын алғашқы елдердің қатарына енді. Сонымен қатар, Аустралия, Әзербайжан, Индонезия, Маврикий, Пуэрто-Рико, Руанда және Өзбекстан да матчтар өткізеді. Әйелдер құрамаларының ойындары Бразилия, Кот-д’Ивуар және Таиландта өтеді.
Әр топта түрлі құрлықтан төрт команда болады. Әр құрама екі ойыннан өткізеді. Бұл күнтізбедегі матч санын көбейтпеуге мүмкіндік береді.



