ӘлемСаясатЭкономика

Түрікменстан мен Куба қарым-қатынастарды жаңа деңгейге көтеруге ниетті

БҰҰ Бас Ассамблеясында Түрікменстан мен Куба екіжақты қарым-қатынастарын жаңа деңгейге көтеруді көздеп отыр.

Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясы аясында Түрікменстан Сыртқы істер министрі Рашид Мередов кубалық әріптесі Бруно Родригес Паррильямен кездесті. Бұл туралы Түрікменстан СІМ хабарлады.

Министрлер түрікмен-куба қарым-қатынастарының саяси, дипломатиялық, экономикалық және гуманитарлық салалардағы ахуалын талқылады. Халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастықты кеңейтуге және екі елдің сыртқы істер министрліктері арасындағы диалогты нығайтуға ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, спорт, туризм және басқа да өзара мүдделі салалардағы болашақ мүмкіндіктер сөз болды.

Тараптар Түрікменстан мен Куба арасындағы белсенді ынтымақтастықты жалғастыруға және әріптестікті одан әрі дамытуға ниетті екендіктерін растады.

TuraNews

Back to top button