БастыСаясат

Түрікменстан Сыртқы істер министрлігінде БҰҰ ҚКБ аймақтық өкілімен кездесу өтті

Түркіменстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ахмет Гурбанов пен Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азиядағы Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары басқармасының аймақтық өкілі Матильда Богнер арасында кездесу өтті.

Түрікменстанның Сыртқы істер министрлігінің хабарлауныша, кездесу барысында тараптар Түркіменстан мен БҰҰ ҚККБ арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайту жөнінде пікір алмасты. Осы тұрғыда демократиялық институттарды одан әрі жетілдіру және адам құқықтары саласындағы міндеттемелерді тиімді орындау мақсатында Түркіменстан тиісті халықаралық ұйымдармен көп қырлы серіктестік орнатып жатқаны баса айтылды.

«Кездесуде Түркіменстанның адам құқықтары және халықаралық гуманитарлық құқық саласындағы халықаралық міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық комиссия қызметінің мәселелері қаралды.

Сондай-ақ, қатысушылар Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою комитеті, Бала құқықтары жөніндегі комитет аясындағы диалогтардың нәтижелерін талқылады, сондай-ақ диалогтар нәтижесінде ұсынылған ұсыныстарды жүйелі негізде жүзеге асыруда ынтымақтастыққа ниетті екенін атап өтті», -денілген хабарламада.

 

TuraNews

Back to top button