«Қазақстан мен Әзербайжан стратегиялық әріптестер, сондай ақ біздің елдеріміз көлік, логистикадан инвестицияға, экономикадан қорғанысқа дейін көптеген салаларда ынтымақтасады. Жақында Қазақстанда әскері салада оқу-жаттығулар өтіп, онда қабылдаушы елден кейінгі ең үлкен әскери контингент Әзербайжаннан келді. Қазір, Әзербайжан мен Қазақстан өңірлік интеграцияның локомотивтері ретінде жүзеге асырып жатқан ірі жобалар тек біздің елдеріміз үшін ғана емес, сонымен қатар аймақтағы елдер үшін де аса маңызды», — деп атап өтті елші.
Оның айтуынша, Қазақстан мен Әзербайжан қазақстандық «жасыл» энергияны Әзербайжан аумағы арқылы экспорттауды жоспарлап отыр.
«Биыл күзде Бакуде COP29 климаттық конференциясы өтуінің символдық мәні бар», — деп қосты ол.
Айта кетейік, бүгін Бакуде Қазақстан елшілігінде Әзірбайжан-Қазақстан ауыл шаруашылығы форумы өтіп жатыр.