БастыЭкономика

Тәжікстан, Түркіменстан арқылы өтетін бағыт бойынша пилоттық жүк пойызы ұйымдастырып жатыр

Тәжікстанның көлік министрі Азим Иброхим тиісті ведомстволар мен мекемелерге «Қытай – Тәжікстан – Өзбекстан – Түркіменстан – Иран – Түркия – Еуропа» мультимодальды дәлізі бойынша пилоттық теміржол пойызын ұйымдастыруды тапсырды.

Көлік министрлігінің хабарлауынша, тиісті ведомстволар мен мекемелерге теміржол вагондары мен локомотивтерін кезең-кезеңімен жаңарту, саланы цифрландыру бойынша жұмысты жандандыру, логистикалық орталықтарды, соның ішінде Иранның Чабахар портын салу, жүк және жолаушылар тасымалының көлемі мен сапасын арттыру, жаңа транзиттік теміржол желілерін салу тапсырылды.

2023 жылдың мамыр айында Душанбеде өткен Түрікменстан мен Тәжікстан президенттері Сердар Бердімұхамедов пен Эмомали Рахмонның келіссөздерінде көлік саласы екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыты ретінде атап өткен болатын.

Еске сала кетейік, «транзиттік әлеуетті тиімді пайдалану» 2023 жылы тамызда Ашхабадта өткен Түркіменстан – Тәжікстан – Өзбекстан бірінші саммитінің де басты тақырыбы болған еді.

TuraNews

Back to top button