ӘлемЭкономика

Еуропа елдерінде инфляция жылдам өсуде

уропадағы инфляция қарқынды өсуде. Қыркүйек айында инфляция орташа есеппен 11% құрайтын рекордты қайта жаңартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews.com сайтына сілтеме жасап.

Миллиондаған еуропалықтар инфляцияны қатты сезініп отыр. Олар қарапайым нәрселерден бас тартуға, кейбір азық-түлікті үнемдеуге, интернет келісімшарттарын тоқтатуға, арзанырақ жалға берілетін пәтер іздеуге және т.б. мәжбүр болуда.

Францияда жоғары инфляцияға байланысты жаппай ереуілдер өтіп жатыр. Бірақ Еуростат мәліметінше, ондағы жағдай әлі де төзімді, баға «бар болғаны» 6,4%-ға өскен. Ең жоғары көрсеткіштер Балтық елдерінде (жылдық мәнмен есептегенде 22-ден 24%-ға дейін) тіркелген.

Инфлацияға энергия бағасының өсуі және басқа тауарлар мен қызмет түрлерінің қымбаттауы кері әсерін тигізген.

Еуроаймақтағы инфляция Еуропа Орталық банкінің мақсатты көрсеткіштерінен 5 есе жылдам өсуде.

Source
Inform.kz

TuraNews

Back to top button