ӘлемБастыСпорт

Қырғыз балуаны Айсұлу Тыныбекова үшінші рет әлем чемпионы атанды

Қырғыз балуаны Айсулуу Тыныбекова Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алып, әлемнің үш дүркін чемпионы атағына ие болды. Бұл туралы Кабар агенттігіне сілтеме жасап Turanews.kz хабарлайды.

62 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Тыныбекова Польша, Молдова, Украина және Германия спортшыларын қатарынан төрт рет жеңіп, финалға шықты.

Алтын медаль үшін белдесуде қырғыз келіншегі жапондық Сакура Мотокиді 4:1 есебімен жеңіп, үшінші рет әлем чемпионы атанды. Осылайша, Тыныбекова 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына қатысу жолдаманы да жеңіп алды.

Естеріңізге сала кетейік, Айсұлу Тыныбекова 2019 және 2021 жылдары әлем чемпионатында жеңіске жеткен болатын.

TuraNews

Back to top button