ӘлемБастыСаясат

Зеленский Трамптан кешірім сұрады

Украина Президенті Владимир Зеленский доғал кабинеттегі дау-дамайдан соң Дональд Трампқа хат жазып, кешірім сұраған.

Бұл туралы АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф Fox News эфирінде айтты.

«Зеленский президентке хат жолдады. Ол сопақ кабинетте болған жағдай үшін кешірім сұрады», — деді Стив Уиткофф.

Еске салайық, Зеленский мен Трамп арасында сопақ кабинетте ашық пікірталас болып, Украина басшысы кетіп қалған. Осы оқиғадан кейін Зеленский Трампқа ресми хат жазып, кешірім сұрады. Трамп бұл қадамды жоғары бағалап, алғыс айтты.

Қазіргі уақытта Украина басшысы Сауд Арабиясында.

TuraNews

Back to top button