Заңсыз құмар ойындар – қоғамға төнген қауіп

Құмар ойындарға тәуелділік адамның қаржылық жағдайына, отбасылық қарым-қатынасына және әлеуметтік өміріне кері әсер етеді. Әсіресе интернет арқылы таралатын заңсыз ойындар азаматтарды қарызға, қаржылық шығынға және тәуелділікке әкелуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының «Ойын бизнесі туралы» Заңына сәйкес электрондық казино мен интернет-казино қызметіне тыйым салынған. Ойын бизнесі заңда белгіленген талаптар мен лицензия негізінде ғана жүзеге асырылуы тиіс.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 307-бабында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны, интернет-казино ашқаны немесе лицензиясыз қызмет жүргізгені үшін қылмыстық жауаптылық көзделген.
Сонымен қатар 21 жасқа толған азамат өз өтініші бойынша құмар ойындар мен бәс тігуге қатысуын 6 айдан 10 жылға дейінгі мерзімге шектей алады.
«Заң мен Тәртіп» қағидаты – қауіпсіз қоғамның негізі. Заңсыз құмар ойындардан аулақ болу, күмәнді интернет-ресурстарға сенбеу және қаржылық шешімдерді жауапкершілікпен қабылдау – әр азамат үшін маңызды.



