БастыҚоғам

Заң мен тәртіп – тұрақты қоғамның негізі

Қоғамның тұрақтылығы мен азаматтардың қауіпсіздігі ең алдымен заңның үстемдігіне және қоғамдық тәртіптің сақталуына байланысты. «Заң мен тәртіп» қағидаты – құқық бұзушылықтың алдын алуға, азаматтардың құқықтарын қорғауға және қоғамда жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды ұстаным.

Заңды сақтау – тек құқық қорғау органдарының міндеті емес. Әрбір азамат қоғамдық тәртіпті сақтап, өзгенің құқығы мен мүлкіне құрметпен қарап, құқық бұзушылыққа бейжай қарамауы тиіс. Заң талаптарына құрмет күнделікті қарапайым әрекеттерден – жол қозғалысы ережелерін сақтаудан, қоғамдық орындардағы тәртіптен, қоршаған ортаға ұқыпты қараудан басталады.

Құқық бұзушылықтың салдарымен күресуден бұрын оның алдын алу маңызды. Осы бағытта мемлекеттік органдар мен қоғам арасында тұрақты байланыс орнату, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, алаяқтық, есірткі қылмысы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет.

Сонымен қатар интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік мәселесі де ерекше назарды талап етеді. Азаматтардың кибералаяқтықтан қорғану дағдыларын қалыптастыру, жеке деректерді қорғау және күмәнді ақпаратқа сын көзбен қарау – қазіргі қоғамдағы құқықтық мәдениеттің ажырамас бөлігі.

Заң үстемдік еткен жерде – тәртіп, тәртіп бар жерде – қауіпсіздік пен тұрақтылық болады. Сондықтан «Заң мен тәртіп» қағидатын қоғамда орнықтыру – мемлекеттік органдар мен азаматтардың ортақ міндеті. Заңға құрмет пен жеке жауапкершілік қалыптасқан қоғам ғана қауіпсіз әрі тұрақты болашақтың берік негізін қалайды.

TuraNews

Back to top button