Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы аясында осымен 6-шы рет ұйымдастырылып отырған фестиваль бағдарламасында көкпар, тоғызқұмалақ, күрес, жамбы ату, асық тәрізді көшпенділердің ұлттық ойын түрлерінен жарыстар өтеді.
Фестивальде ұлттық спорт түрлерімен қоса, дәстүрлі шатырларда тұрмыс, тарихи қол өнері шеберханалары, қылыш қойылымдары, атпен өнер көрсету секілді алуан түрлі шара ұйымдастырылады.
Қатысушылар фестиваль алаңында өткізілетін түрлі шеберлік сабақтары арқылы түркі мәдениетінің дәстүрлерін, соның ішінде ұлттық тағамдар мен қолөнер бұйымдарын тамашалауға мүмкіндік алады.
Келушілер үшін барлық іс-шаралар тегін.