Технология
WhatsApp желісінде ақау шықты

WhatsApp желісінде ақау шықты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Downdetector сайтының мәліметенше, мессенджерде ақау Астана уақытымен сағат 13.00-ге қарай басталған. Қазір WhatsApp арқылы хабарлама жіберу және оны қабылдау мүмкін емес.
Хабарламаларды жіберу проблемалары мессенджердің мобильді нұсқаларында да, веб-нұсқаларында да байқалады.
Downdetector сайтында мессенджер жұмысына шағымданушылар саны артқан.