Қоғам

Виктор Цойдың ұлы әкесіне арнап бейнебаян шығарды

15 мамырда музыкант Саша Цой "Кино" тобының жетекшісі Виктор Цойдың үйдегі бейне мұрағатынан толығымен жиналған "Часть меня, которой нет" әнінің бейнебаянын жариялады,

Кадрларда: Цойдың құмды бархандарда жүгірген достары, саяжай, АҚШ-қа сапар және Цой қайтыс болған Латвиядағы демалысы көрінген. Бұрын бұл бейнелер ешқайда жарияланбаған.

Әндегі гитара бөлігін «Кино» тобындағы Юрий Каспарян жазды.

Бейнебаян сипаттамасында Саша Цойдың әннің сөздерін де, музыкасын да өзі жазғаны көрсетілген.

Source
Zakon.kz

TuraNews

Back to top button