Спорт
Trending

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: көкпардан құрамалардың қарсыластары анықталды

Қырғыз Республикасының Ыстықкөл өңірінде өтетін VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында көкпар жарысының жеребе тарту рәсімі өтті. Нәтижесінде дүбірлі додаға қатысатын жеті мемлекеттің ұлттық құрамалары екі топқа бөлінді.

А тобы:

* Қырғызстан
* Өзбекстан
* Ауғанстан
* Моңғолия

В тобы:

* Қазақстан
* Ресей
* Венгрия

Жеребе қорытындысына сәйкес, Қазақстан ұлттық құрамасы Ресей және Венгрия командаларымен бір топта бақ сынайды.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары — ұлттық спорт түрлерін халықаралық деңгейде дәріптеп, елдер арасындағы мәдени және спорттық байланысты нығайтатын маңызды алаң. Ал көкпар — дүбірлі доданың көркін қыздыратын, көрермен асыға күтетін тартысты бәсекелердің бірі.

Қазақстан ұлттық құрамасы ел намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтиже көрсетуге ниетті.

Ыстықкөл төріндегі дүбірлі додада көк байрағымызды биіктен желбіретуге аттанған көкпаршыларымызға сәттілік тілейміз!

Бас демеуші: «Самұрық-Қазына» қоры

Бас серіктес: Спортты қолдау қоры

TuraNews

Back to top button