ӘлемБасты

Венесуэлада жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 235 адамға жетті

Елдің Денсаулық сақтау министрі Карлос Альварадо мемлекеттік телеарнаға берген сұхбатында Венесуэлада жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 235 адамға жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды VTV телеарнасы. 

24 маусымда 7,2 және 7,5 балдық екі жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 235 адамға, ал жарақат алғандар саны 4300 адамға жетті.

Ең ауыр жағдай Ла-Гуайра штатында болды. Онда ондаған ғимарат қирады. Президенттің міндетін атқарушы Делси Родригес аймақты апат аймағы деп жариялады.

Осыған дейін Біріккен ұлттар ұйымы Венесуэлаға көмек көрсету үшін халықаралық қауымдастықты бұрын-соңды болмаған деңгейде жұмылуға үндегенін жаздық.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Венесуэла Президентінің міндетін атқарушы Делси Родригеске көңіл айту жеделхатын жолдады.

 

Via
inform.kz

TuraNews

Back to top button