Қоғам
Ұлытаулық оқушы «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік додасында жеңіске жетті
Жезқазғандағы №3 «Білім-Инновация» лицейінің оқушысы Нұрасыл Тұрсынхан республикалық «XXI ғасыр көшбасшысы» бағдарламасының апталық жеңімпазы атанды. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген ең үздік оқушылар бақ сынаған бұл жобада Ұлытаулық өрен білімімен дараланды.
Физика пәніне қызығатын жас дарын болашақта ғылым жолын қуып, ұстаздық етуді жоспарлап отыр. Мұндай жетістік оқушының еңбегі мен ізденісінің жемісі екені анық. Нұрасылға алдағы асуларда сәттілік тілейміз.



