Қоғам
Ұлытау облысы: Жауапкершілік пен тазалық – басты басымдық

Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков өңір тұрғындарын тазалықты сақтауға, жайлы әрі қолайлы орта қалыптастыруды әркім өзінен бастауға шақырды.
Өңір басшысы өз үндеуінде туған жерге деген жанашырлық пен жауапкершілікті күшейту – тек таза қоғам қалыптастырудың кепілі ғана емес, сонымен қатар келер ұрпаққа үлгі боларлық тәрбиелік мәні зор қадам екенін атап өтті.
Сондай-ақ, кәсіпкерлерді өз нысандарына ұқыптылықпен қарап, айналасын абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуге шақырып, бұл бағыттағы жауапкершілікті арттырудың маңыздылығына ерекше тоқталды.



