Әлем

Ұлыбритания королінен қатерлі ісік анықталды

Букингем сарайы король III Чарльз қатерлі ісік ауруынан емделіп жатқанын хабарлады.

Бұл туралы Букингем сарайының баспасөз қызметі мәлім етті.

Емдеу кезінде ол салтанатты міндеттерін орындауды жалғастырады, бірақ қоғамдық шаралардан аулақ болады.

Сарай мәлімдемесінде патшаның емделуіне оң көзқараспен қарайтыны және өзінің барлық қоғамдық міндеттеріне толықтай оралуын асыға күтетіні айтылған.

Корольдің өкілі оның қандай қатерлі ісікке шалдыққанын айтпады. Бірақ простата обыры емес екенін атап өтті.

Өткен аптада патша қуық асты безінің ұлғаюына байланысты операциядан кейін ауруханадан шыққан. Сарай бұл патологияны зиянсыз деп атады.

 

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button