Мәдениет
Trending
«Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» студенттік фестивалі өтті
Облыс орталығында жастардың бастамасымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» студенттік фестивалі өтті.
Фестивальдің басты мақсаты жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының шығармашылық әлеуетін дамыту, студенттерге ардагерлеріміздің ерлігін дәріптеу болып табылады.
Фестивальде облыстың жоғары оқу орындары, кәсіптік және техникалық білім беру мекемелерінің студенттері мен аға буын өкілдері шығармашылық концерт қойды. Фестиваль аясында колледждердің кәсіби бағдар алаңдары, сахналық қойылымдар мен көрме ұйымдастырылды.