Тұрлыханов елордалық үлескерлермен кездесті
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына Кандидат Дәулет Тұрлыханов өзінің сайлауалды штабының мүшелерімен бірге елордалық ұзақ құрылыстардың бірінің үлескерлерімен кездесу өткізді.
«Халық саны артқан сайын баспанаға сұраныс та, сәйкесінше баға да шарықтай түседі. Қазір сұраныс салынып жатқан үйлердің ұсынысынан екі есе көп. Оған қоса, рұқсат құжаттарын түгендемей, жарнама жасап, әлі салынбаған пәтерлерін сатып жіберген құрылыс компаниялары бар. Мәселен, «Sapsan» тұрғын үй кешені үшін ақшасын, беріп, пәтерге кіре алмай жүрген 400 үлескер бар!
Астана бойынша мұндай адамдардың саңы 2000 жетеді!
Әкімдік сенімсіз құрылыс компанияларының тізімін жасапты. Оның ішінде 80 ұйым бар! Соларға алданған ел қаншама, санай беріңіз. «Строй Инвест Групп — KZ» ЖШС бұл үйдің құрылысын қарашаға дейін аяқтайтынын мәлімдеді. Бақылауда ұстайық!
Жалпы үй салатан компанияларға қойылатын талап пен қадағалау қатаң болуы тиіс!», — деді Тұрлыханов.
ЖК «Sapsan» — тапсырыс беруші «СТРОЙ-ИНВЕСТ-ГРУПП KZ» ЖШС.
Бұл үйді салу 2020 жылдың соңында басталған. Содан бері әне өткіземіз, міне бітіреміз деп созып келеді.
Құрылыс компаниясы рұқсат құжаттарын түгендемей тұрып жарнама жасап, әлі салынбаған пәтерлерін сатып жіберген.
Қазір 400 адам-үлескер күтіп отыр.
№1 бір мандатты округ бойынша ҚР Парламентінің Мәжілісі депутаттығына кандидаттың Сайлау қорының қаражатынан төленді.