Саясат

Тұрлыханов «Экотон+» қызметкерлерімен кездесті

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына Кандидат Дәулет Тұрлыханов өзінің штаб мүшелерімен бірге «Экотон+» қызметкерлерімен кездесу өткізді.

«Экотон+» — ұялы бетонның жетекші өндірушісі. 2003 жылы зауыттың құрылысын Қазақстанның Даму Банкі қолдады, ал 2004 жылы зауыт пайдалануға берілді. Қазір компания 2012 жылы қарызды сәтті өтеген және Қазақстанның жаңа нарықтарына шыққан алғашқы кәсіпорындардың бірі болып табылады. «Экотон+» МК жұмысы басталған сәттен бастап Астанадағы АГБ зауыты, Ақтөбедегі АГБ зауыты, Алға қаласындағы әк өндіру зауыты салынды және пайдалануға берілді, Қандыағаштағы АГБ зауыты қалпына келтірілді. Зауыттың филиалдары Атырау мен Түркістанда орналасқан, қалған өңірлер бойынша қамту ұзақ мерзімді серіктестердің көмегімен жүзеге асырылады.


Жыл сайын 400 000 м3 газоблок шығарылады. Өнімдер жыл сайын 1 4000 000 м2-ден астам тұрғын үй құрылысында қолданылады.

«»БАСПАНА ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛУЫ ТИІС», — белгілі ақиқат, барған әр кездесуімде айтылатын талап осы. Толық келісемін. Сондай-ақ, мәселені айтудан бөлек, оны шешудің де жолдарын қарастырған жөн.

Мәселен, кірпіштен салынған үй қымбат, орнына газобетон пайдалану әлдеқайда тиімді. Астанада газобетон өндірісі де бар.


Біз бүгін 2002 жылы ашылған “Экотон” АҚ-ның ұжымымен кездестік. Компанияның бірнеше зауыты мен дамыған дилерлер желісі бар. Өндірілетін газобетон арқылы жылына 1,4 млн м2 тұрғын үй салынуда. Жақсы көрсеткіш деп ойлаймын. Енді мемлекеттік қолдауды қайта қарастырсақ және кірпіштен емес, газобетоннан салынатын үйдің жобасын әзірлейтін кадрларды көбейтсек, көптеген адам өз баспанасының табалдырығын аттау мүмкіндігіне ие болар еді деп есептеймін. Әр қазақ баспаналы болсын!», — деді Тұрлыханов.

№1 бір мандатты округ бойынша ҚР Парламентінің Мәжілісі депутаттығына кандидаттың Сайлау қорының қаражатынан төленді.

TuraNews

Back to top button