БастыСпорт

Түркістандық параканоэші Бибарыс Спатай – Азия пара ойындарының күміс жүлдегері

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Пара Азия ойындарынан тағы да сүйінші ақпарат жетті. Қазақстан құрамасының спортшысы Бибарыс Спатай ел қоржынына күміс медаль салды, деп хабарлайды TuraNews.kz.

Отандасымыз параканоэнің KL2 бағдарламасы бойынша 200 метр қашықтықта мәреге екінші болып жетті. Бибарыс – Түркістан облысының су спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті.

Қазанның 22-28 аралығында өтетін спорттық додаға 43 мемлекеттен 4000-ға жуық спортшы қатысады. Байрақты бәсекеде Қазақстаннан 131 спортшымыз 14 спорт түрінен бақ сынап, 485 медаль жиынтығын сарапқа салады.

TuraNews

Back to top button