Қытайдың Ханчжоу қаласында жазғы Азия пара ойындары басталды. Дүбірлі сында қазақстандық спортшы Жаңыл Балтабаева ел қоржынына алғашқы жүлдені салды. Талантты спортшы пара каноэдан VL3 200 жекелей бағдарламасында үшінші орынды иеленді, деп хабарлайды TuraNews.kz.
Жаңыл Балтабаева – Денис Жарменов басқаратын Түркістан облысының су спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті. Айтулы сайысқа тыңғылықты дайындалған атлет ел сенімін ақтай білді.