БастыТуризм

Түркістанда халықаралық турзим форумы өтті

Түркістан қаласында «Түркістан түркі әлемінің туризм астанасы» атты халықаралық форум өтті.

Форум Түркістан қаласының туристік әлеуетін арттыру және қаланы таныту мақсатында өткізілді.  Форумның мақсаты 2024 жылы түркі әлемінің келесі астанасы болатын Түркістанды насихаттау, туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайту болды.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қалаға жақын елдерден туристерді тарту үшін жаңа ұшақ және автобус бағыттарының құрылғанын хабарлады.  «Қазір Түркістаннан Түркия мен Кувейтке рейстер тұрақты түрде орындалуда. Алдағы уақытта Дубайға рейстер ашылады деп жоспарланды. Сонымен қатар Түркістанды Өзбекстанмен байланыстыратын жаңа автобус қатынасы басталады» деді ол.

Халықаралық шараға Түркі Мемлекеттері Ұйымының, Қазақстанның Туризм және спорт министрлігінің, Түркі әлемінің туризм секторының және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Түрік Мемлекеттік Ұйымының жоба директоры Ерсин Айдоған   «Кеше Түркістанда Түркі Мемлекеттері Ұйымына мүше елдердің туризм министрлерінің 8-ші отырысы өтті. Жиында көптеген маңызды шешімдер қабылданды. Түрік әлеміндегі туристік ұтқырлықты арттыру және туристік ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін күш салудамыз» деді.

«Түркістанның тарихи маңызы бар, сонымен қатар түркі әлемінің рухани астанасы. Бұл атаққа қоса, оның Түркі әлемінің туристік астанасы болып таңдалуын шын мәнінде Түркістанға соңғы уақытта салынған инвестиция мен дамудың бір көрінісі ретінде қарастыруға болады» дед ол.

 

Source
TRT

TuraNews

Back to top button