Қоғам

Түркістан облысының шекара аймақтарында энергетика бекеттері құрылды

Түркістан облысындағы шекаралық аймақтарда энергетика бекеті құрылды, деп хабарлайды Turanews.kz порталы тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Энергетика бекеттері дизель отынын көршілес елдерге заңсыз тасымалдау жолын кесу мақсатында жұмыс істейді. Сондықтан олар шекаралық аймақта орналасқан және қазіргі таңда Сарыағаш ауданындағы – «Жібек жолы», «Қазығұрт», Келес ауданындағы – «Б. Қонысбаев», Мақтаарал ауданындағы «Сырдария», «Атамекен», «Целинный» өткізу пунктерінде жұмыс істеп тұр.

«Облыста жанармай тапшылығын жасанды түрде тудырып отырған жанармай бекеттерін тексеру үшін арнайы жұмыс тобы құрылды. Құрамына облыс әкімдігі, Мемлекеттік кірістер, Экономикалық тергеп тексеру, Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменттерінің маманы енген жұмысшы тобы Шымкент-Сарыағаш, Сайрам-Түлкібас, Түркістан-Шымкент бағытындағы жол бойында орналасқан бекеттерді тексеріп, біршама кемшіліктерді анықтады», – деді Түркістан облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қанат Шонбасов.

Айта кетейік, бұдан бұрын Түркістан облысында мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдаудың 94 дерегі анықталған болатын.

TuraNews

Back to top button