ӘлемСаясатТуризмЭкономика

Түркістан мен Самарқанд туризм саласында ынтымақтастық жасайды

Өзбекстанға жасаған сапары аясында Қазақстан Республикасының Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеров бастаған делегация Самарқанд қаласына барды.

Қазақстан делегациясы алдымен Самарқанд қаласындағы туристік нысандар мен тарихи-мәдени ескерткіштерді аралап, облыстың туристік әлеуетімен етене жақыннан танысты. Сондай-ақ Самарқанд туризм академиясы мен «Жібек жолы» туризм және мәдени мұра халықаралық университетінің қызметімен танысу барысында кейінгі жылдары елде туризмді дамыту бағытында жүргізіліп жатқан реформалар мен олардың нәтижелері, сала үшін мамандар даярлау үдерістері туралы жан-жақты ақпарат берілді.

Самарқанд облысы әкімінің міндетін атқарушы Адиз Бобоев пен Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысқан келелі кездесуде Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы нығайып келе жатқан сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстар өңіраралық ынтымақтастықты кеңейтуге үлкен серпін беріп отырғаны ерекше атап өтілді.

Атап айтқанда, Самарқанд облысы Қазақстанның бірқатар өңірімен тығыз байланыс орнатқаны және Түркістан облысымен де түрлі салаларда ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екені білдірілді.

Екі облыс басшылары туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту Самарқанд пен Түркістан үшін де тиімді болатынын, бұл өз кезегінде өзбек және қазақ халықтарының ежелден келе жатқан достық пен тату көршілік қатынастарына толық сай келетінін атап өтті.

Кездесу барысында Адиз Бобоев пен Нұралхан Көшеров туризм бағытындағы ұсыныстар және бастамалармен бағдарламаларды қолдап, өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Түркістан облысы басшысы бастаған кәсіпкерлер мен туризм саласының өкілдері Самарқан халықаралық туризм орталығында да болып, мұнда туристер үшін жасалған жағдайлар және халықаралық стандарттарға сай қызмет түрлерімен танысты.

 

Via
uza.uz

TuraNews

Back to top button