Саясат

Түркіменстан түркі интеграциясын мақсат етіп отыр — Гурбангулы Бердімұхамедов

Түрікменстан Халық мәслихатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов Түркияға сапары барысында Түрікменстанның 2024 жылға қарай Түркі мемлекеттері ұйымына (ОТС) кіру мүмкіндігі туралы пікір білдірді.

Бұл туралы Бердімұхамедов үшінші Анталия дипломатиялық форумынан кейін журналистерге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды TuraNews.kz TRT-ге сілтеме жасап.

«Биыл елімізде түрікменнің ұлы ақыны және ойшылы Мақтымқұлы Пырағының 300 жыл толуын атап өтудеміз. Осы мерейтойға орай үлкен мерекелік шаралар ұйымдастырылады және Мақтымқұлы арналған саммит өтеді. Бәлкім, осы саммитте Түркіменстан Түркі мемлекеттері ұйымына мүше болуы мүмкін», — деді Бердімұхамедов.

Түркіменстан Түркі Мемлекеттер Ұйымы (ТМҰ) жұмысына ба­­­қылаушы ретінде қатысып жүрген Орталық Азиядағы жалғыз түркі тілдес мемлекет.

 

TuraNews

Back to top button